Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық спортшы Азия чемпионатына жолдама алды

Аралдық спортшы Азия чемпионатына жолдама алды

2023 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері аралығында Семей қаласында грек – рим күресінен 2006 – 2007 жылдары туылған жасөспірімдер (U17) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебінің спортшысы Болатұлы Алпамыс 55 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, екі дүркін Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, көршілес Қырғызстан елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Алпамыс Болатұлы 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия және ҚР чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп –интернат - колледжінің 10 сыныбында оқиды.

№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебіндегі жаттықтырушылары – Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Таңатаров Ардақ.
04 сәуір 2023 ж. 738 0