ЖЕҢІМПАЗ ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Ф. Сауытбаев 1993 жылдың 19 қазанында Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушысы: Бауыржан Жүсіпов.
Бүгін Арал аудандық спорт бөлімінің басшысы Т. Әлжанов, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры С. Алмағамбетов және белсенді жастар жеңімпазымызды темір жол вокзалынан арнайы күтіп алды. Жас чемпионды жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.