
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы гір спортынан өткен әлемдік додада әлем чемпионы атанған Маханбетов Мұратты және Разақов Қайратты қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ, аудан абыройын асқақтатқан спортшыларға алғысын жеткізіп, алдағы уақытта да жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.Айта кетейік, 2-6 қараша күндері аралығында Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында 14 мемлекет қатысқан гір спортынан өткен әлем чемпионатында №64 орта мектептің мұғалімі Маханбетов Мұрат Мүдарісұлы және «Арал спорт клубы» КММ спорт нұсқаушысы Разақов Қайрат Өмірзақұлы І орынды иеленіп, әлем чемпионы атанған болатын.