Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШЕ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ҚОЛ КҮРЕСІ МЕН БАТПАН КӨТЕРУ САЙЫСЫ

КӨШЕ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ҚОЛ КҮРЕСІ МЕН БАТПАН КӨТЕРУ САЙЫСЫ

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көше жастары арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында қаладағы «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алаңқайында қол күресі мен батпан көтеру түрлерінен сайыс өткізілді. Аталмыш сайыс түрлері бойынша барлығы 30-ға жуық жас тіркеліп, бағын сынады. Сайыстарға «Спорт клубы» КММ-нен Қ.Разақов пен Б.Джубаниязовтар төрелік етті. 
Көше жастары арасында өткізілген сайыстар нәтижесінде:
Батпан көтеру сайысы бойынша: І орынды - Р.Қайрат, ІІ орынды - М.Тілеужанов және ІІІ орынды – М.Махамбетовтер иеленсе, қол күресі бойынша: І орынды – М.Әбдраулов, ІІ орынды – Б.Байжанов және ІІІ орынды – М.Махамбет иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
10 шілде 2018 ж. 2 357 0