
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көше жастары арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында қаладағы №19 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында көше жастары арасында «Стритболдан» сайыс өткізілді. Аталмыш сайысқа барлығы 6 команда тіркеліп, сайыс 3х3 (3 ойыншы) форматы бойынша өткізілді.
Көше жастары арасында өткізілген стритбол сайысы нәтижесінде:
І орынды – «Тельман» командасы, ІІ орынды – «Мұрагер» командасы және ІІІ орынды – «Барыс» командасы иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.