
1 Шілде "Домбыра" күнінде Арал аудандында 3 бала өмірге келді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы Оразбаев аудандық перзентхана да болып, «Домбыра» күні мерекесінде дүниеге келген сәбилердің аналарын мерекемен құттықтады. 1 шілде күні бірінші дүниеге келген сәбиге аудан басшысы қазақтық домбырасын сыйға тартып есімін қойды. Айта кетейік, Елбасының Жарлығымен биыл бірінші рет аталып өтілген Домбыра күні мерекесінде Арал ауданында 2 ұл 1 қыз бала дүние есігін ашты.