Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас  спортшы  жеңісі

Жас  спортшы  жеңісі

        Жуырда   Қызылорда қаласында  жоғарғы  оқу орындары  мен  кәсіптік және  техникалық  білім беру   ұйымдары   студенттері арасында  бокстан  облыстық ашық  біріншілік  болып өтті.  Жарыстың  негізгі мақсаты,  студент  жастар   арасында бокс  спортын  насихаттау мен  спорт  пен дене  шынықтыру  жұмысын нығайту,  студент  жастарды өзара  достыққа,  патриоттық сезімге,  ұлттық  мәдениетке тәрбиелеу  болды. Жарысты  Қорқыт Ата  атындағы  Қызылорда мемлекеттік  университеті  мен  «Сыр  сымбат» спорт  клубының   дене тәрбиесі  кафедрасы  және студенттік  кәсіподақ  комитетімен  «Нұр  Отан» партиясы  «Тұран»  филиалы ұйымдастырды. Осы  жарысқа  Арал көпсалалы  колледжінен  қатысқан,  ІІІ  курс студенті,  Сұлтанбек  Орынбаев 91 кг- нан   жоғары  салмақ дәрежесінде   өнер  көрсетіп, жүлделі  І  орынды жеңіп  алды. Сұлтанбек  жартылай финалда  Қорқыт  Ата мемлекеттік  университетінің  студентін жеңіп,  жарыстың  ақтық сынында  Қызылорда  Агротехникалық  колледжінің студентін  айқын   басымдылықпен жеңді. Жас  спортшыны   алғаш спортқа  баулыған,    №19 Арал  аудандық  олимпиадалық резервтің  мамандандырылған   балалар – жасөспірімдер   мектебінің  жаттықтырушысы  Мұрат Қаныбетов  болатын. Ал,  оны  осы  күнгі тәрбиелеп  жарыс  жолына қосқан,  Арал  көпсалалы колледжінің  дене  тәрбиесі мұғалімі,   Хұсайын  Берсүгіровпен   оның   көмекшісі  Қолқанат  Жақсылықовтар болды. Жарыс  соңында  жас спортшы   бағалы сыйлық  пен  мақтау қағазын  иеленді.  Біз бұл  спортшыға   қабырғасы қайыспай,  белі  бүгілмей,ел  мен  жердің намысын  бұдан  да биік   додаларда  қорғай  беретіндігіне зор  сеніммен  қарап, шынайы  алғыс   сезімімізді    білдіреміз.
Шолпан  Жібекәлиқызы
«Толқын»газетінің  қоғамдық  тілшісі
07 сәуір 2018 ж. 1 535 0