Ұлттық ойындар ұлықталды

Елбасымыз Н.Назарбаев «Спорт-елдің мерейін арысып, абыройын тасытатын сала» деп бекер айтпаған. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан, спорттың бұқаралық сипатын дамыту мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл тұрғыда спорттың әлемдік деңгейде дамуы әрбір қазақстандықтардың басты міндеттері. Міне, осы мақсатта ұйымдастырылған тартысқа толы жарыста ойынның 5 түрі қамтылды. Атап айтқанда, бес тас, батпан көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және асық ату ойындары
Жарыс нәтижесінде бес тас ойыны бойынша Д.Сейілханова І орын, арқын тартудан колледж командасы І орын, тоғызқұмалақтан ерлер арасында А.Шындалы І орын, қыздар арасында С.Төлебаева І орын, асық атудан Н.Жолдыбаев ІІ орынды жеңіп алды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жүлделі орындарды екі колледж өзара бөлісті.
К.Байқазақова,
Арал индустриалды-техникалық
колледжінің оқытушысы.