АРАЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Спорт саласындағы Әліби мен Фарабидің осы бір дүбірлі жеңісі Арал ауданы спортынының тарихында алғашқы әлем чемпиондарының тізімін қалыптастырып берді деуге болады.
Жалпы командалық есепте жерлестеріміздің сүбелі үлесінің арқасында Қазақстан ұлтық құрамасы Ресей федерациясынан кейін 2-орыннан табылды.
Сонымен қатар, жерлестеріміздің бір ауданнан шыққан спортшылар екенін және бұл үлкен жетістік екенін ескерген бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиков Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Ә.Оразбаевқа алғыс хатын аманат етіп, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры С.А.Алмагамбетовке табыс етті.