Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Жарыс кестесі жарияланды

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Жарыс кестесі жарияланды

Ертең, яғни 14 қыркүйек күні елорда төрінде жалауы желбірейтін күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, чемпионатта 1002 балуан бақ сынайды. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Жарыс 14 қыркүйек күні 11:00-де басталады.
Жарыс кестесі төмендегідей:
14 қыркүйек
11.00-16.00 – грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы іріктеу айналымы;
18.00-19.30 - грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы жартылай финалдық бәсекелер.
15 қыркүйек
11.00- 16.00 – грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-16.00 - грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы жұбаныш белдесулері;
16.45-17.30 – әлем чемпионатының ашылу салтанаты
18.00-18.45 - грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;
19.00-22.00 - грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.
16 қыркүйек
11.00-16.00 – грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-16.00 – грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
17.00-17.45 - 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;
18.00-20.30- грек-рим күресінен 67, 87, 97 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.
17 қыркүйек
11.00-15.00 – әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-15.00 - грек-рим күресінен 60, 77 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
16.45-17.45 - әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;
18.00-20.30 - грек-рим күресінен 60, 77, 130 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.
18 қыркүйек
11.00-15.00 – әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-15.00 - әйелдер күресінен 50, 53, 55 және 72 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
16.45-17.45 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;
18.00-21.00 -  әйелдер күресінен 50, 53, 55, 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі. 
19 қыркүйек
11.00-16.00 – әйелдер күресінен 62, 68 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00 – 16.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
16.45-17.45 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;
18.00-21.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65, 76 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.
20 қыркүйек
11.00-16.00 – еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-16.00 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
16.45 – 17.45 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;
18.00-21.00 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі;
21 қыркүйек
11.00 – 16.00 – еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
11.00-16.00 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
16.45 -17.45 - еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;
18.00-21.00 - еркін күрестен 70, 74, 92, 125 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.
22 қыркүйек
15.30 – 17.30 - еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
18.00-21.00 - еркін күрестен 61, 79, 86, 97 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.
 
Айта кетейік, «Qazsport» телеарнасы чемпонатты тікелей эфирде көрсетеді.
https://www.inform.kz/kz/kures-turlerinen-alem-chempionaty-zharys-kestesi-zhariyalandy_a3565292
13 қыркүйек 2019 ж. 1 369 0