"Жанкүйер алдындағы жауапкершілік жоғары". Балуандар әлем біріншілігіне дайындалып жатыр

"Қазіргі сәтте дайындығымыз аса жоғары деңгейде. Өз xалқымыздың алдында екі есе салмақты сезінетін боламыз, әлбетте. Үздік өнер көрсету үшін жаттығуға аса үлкен көңіл бөлініп жатыр. Құдай қаласа, ел үмітін ақтаймыз!", - деген ол жеңіске деген ұмтылысы барын үлкен сеніммен айтты. "Қарсыластарымыздың барлығы жақсы спортшылар. Бірақ біз де бозкілемде аянып қалмаймыз. Ел алдындағы жауапкершілік үлкен екенін естен шығармаймыз!", - деді ұлттық құрама мүшесі Азамат Күстібаев.
Еске сала кетейік, грек-рим күресінен команда бас бапкері қызметіне белгілі балуан, 1999 жылғы әлем чемпионы Бақтияр Байсейітов кірісті. Ал құраманы бүгінге дейін жаттықтырған Нұрым Дүйсенов Қытайда өткен Азия чемпионатынан соң қызметінен босатылды. Құрлық біріншілігінде біздің «классиктер» алтынсыз қалған болатын. Күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында ел астанасында өтеді.