Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Садақ атудан әлем біріншілігінде Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді?

Садақ атудан әлем біріншілігінде Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді?

Садақ атудан Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады. 28 мамырдан бастап ұлттық құрама мүшелері Талғар қаласындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді,  Команда мүшелері 6-17 маусым аралығында Нидерландтың Хертогенбос қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ. Ұлттық құрама бас бапкері лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын мергендер тізімін жария етті.  Классикалық түрде садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев; Классикалық түрде садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Гаухар Игібаева, Қаракөз Асқарова; Компаунд, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич; Компаунд, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.
https://kaz.tengrinews.kz
28 мамыр 2019 ж. 880 0