Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі жарияланды

Бокстан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі жарияланды

Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті бокс бәсекесінің жарыс кестесін ресми түрде бекітті, 

2020 жылғы Олимпиада ойындарында боксшылар додасы 25 шілде күні басталып, 9 тамызда аяқталады. 
Бірінші жарыс күні шаршы алаңда жартылай орта, жартылай ауыр және ауыр салмақтағы ерлер, сондай-ақ, жартылай жеңіл салмақтағы әйелдер шығады. 
Толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар. Финалдық бәсекелер 4 тамызда басталады. Турнирдің соңғы жарыс күні Токио ойындары аяқталатын күнге тұспа-тұс келеді.  
Айта кетейік, бокстан аймақтық іріктеу кезеңдері 2020 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында өтеді. Соңғы жолдамалар мамыр айында өз иесін таппақ. Мамырда бокстан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді.  
Бокстан Қазақстан командасы жолдамаға таласты Азия/Океания аймағында бастайды. Жарыстың өткізілу мерзімі кейін белгілі болмақ.
01 тамыз 2019 ж. 1 208 0