Ертең Қызылордада бокстан Қазақстан спартакиадасы басталады

2 мамыр күні сағат 14.00-де «Мұз айдыны» спорт кешенінде жарыстың салтанатты ашылуы болады.
Бағдарлама бойынша жарыс күнде сағат 15.00-20.00 аралығында, 6 мамыр күні сағат 15.00-де жартылай финалдық, 7 мамыр күні сағат 12.00-де финалдық кездесулер өтеді.