ӘЛІБИ - СПОРТ ШЕБЕРІ

Әліби Болатұлына Арал ауданының спорты тарихында тұңғыш рет әмбебап жекпе-жектен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тағы бір спортшысы жыл аяғына дейін осы спорт түрінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанады деп күтілуде.