Толқын » Спорт » ЖЕРЛЕС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІЗ!
ЖЕРЛЕС СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІЗ!
Ағымдағы жылдың 18-25 қараша күндері аралығында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты өткізіледі.Сегіз күнге созылатын дүбірлі додада ұлттық құрама сапында Арал аудандық №19 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің түлектері - Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев Қазақсан намысын қорғап, өнер көрсететін болады. Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ендеше, жерлес спорт саңлақтарына сәттілік пен жеңіс тілейміз!