Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық балуан жеңіс төрінде

Аралдық балуан жеңіс төрінде

Аудан бойынша қай салада болмасын даму көрсеткіші жоғары. Соның ішінде спортшыларымыздың бағындырған белестері мен шыққан шыңы ерекше. Апта сайын ауданға ақжолтай жаңалықпен оралатын спортшыларымыз жуырда тағы да алтыннан алқа тағынғандығы туралы хабар келді.
Семей қаласында грек-рим күресінен 2006-2007 жылдары туған 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Алпамыс Болатұлы 55 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, екі дүркін Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар көршілес Қырғызстан елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Алпамыс Болатұлы 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия және ҚР чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 10 сыныбында оқиды.
Чемпионымыз №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Талғат Қожекенов, БахтиярТөлебаев, АрдақТаңатаровтардан дәріс алғандығын айта кетейік.
09 сәуір 2023 ж. 505 0