Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос балуанмен кездесу

Қос балуанмен кездесу

Аудандық орталық кітапхананың коворкинг залында «Спорт – біздің серігіміз» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің басты меймандары – Азия чемпионы атанған қос балуан: Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Кабулов. Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қос бірдей аралдық жас спортшы жеңіс тұғырынан көрініп, чемпион атанды.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Байрақты бәсекеде топ жарған қос оғлан №19 Арал ауданынының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары және қаладағы №62 және №220 білім ошақтарының түлектері. Кездесу кешіне Алпамыс Болатұлының сынып жетекшісі Ахметова Гүлшат апайы да арнайы қонақ ретінде шақырылып, шәкіртінің табандылығы мен ерекше қырларын тілге тиек етті.
Сонымен қатар шара барысында өлкемізден шыққан данқты спортшыларымыз Өмірзақ Жолымбетов, Кеңес Омаров, Иван Шульга, Дәри Құттымұратов, Абылай Жадыбайұлы, Жұмадин Қалымбетов секілді спорт саласындағы өзіміздің аға буын тарихи тұлғаларымыздың есімдерін мақтанышпен атап өтті.
Қос балуан спорт саласын 5 сыныптан бастап серік етіп келгендіктерін және жаттықтырушыларының ерен еңбектері мен есімдерін мақтанышпен атап өтті. Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев және Ардақ Таңатаров сынды жаттықтырушыларына алғысын білдірді. Бүгінде қос балуан Нұр- сұлтан қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы арнайы мамандандырылған спорт мектебінің 10 сыныбында білім алуда. Ол жақтағы білім мен талап өте қатаң, дейді. Жас жеңімпаздардың құрметіне әннен шашу шашқан қалалық мәдениет үйінің әншісі Айнұр Сүйеуова өзінің аналық ақ тілегін жолдай отырып, «Аралдың адамдары», «Туған жер» әнін шырқап берді. Аудандық жастар орталығының бас маманы Ержан Сабырбай қос балуанды кешегі өткен жастар күнімен және атаулы спортшылар күнімен құттықтай келіп, ауданның осы тараптағы алдағы бастамаларын мақтанышпен атады. Алдағы уақытта төрт шалғай елді мекенде ашық спорт кешенінің бой көтеретіндігін мақтанышпен атап өтті.
Кешке куәгер болған барлық жас оқырмандар ақжолтай ақ тілектерін жеткізіп, әрдайымда аудан атын, ел абыройын асқақтата беріңіздер деген тілектерін жеткізді.
Шараға сай әзірленген «Спорт – ғажайып әлем» атты кітап көрмесімен таныса отырып, осындай бай кітап қоры бар екен деп кітапхана оқырманы ретінде тіркеліп, өздеріне ерекше әсер қалдырған кітаптарды жаздыртып алды.
Г. ШАЛМАНОВА,
аудандық орталық кітапхана қызметкері
27 тамыз 2022 ж. 663 0