Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас балуандар жеңіс тұғырында

Жас балуандар жеңіс тұғырында

2024 жылдың 16 - 23 наурыз күндері аралығында Алматы облысында грек – рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жасөспірімдер және U23 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Аталған чемпионатта грек – рим күресінен U17 жасөспірімдер арасында күрескен 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған резервтің балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Болатұлы Алпамыс 55 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Кабулов Әмірмұхаммед 60 кг салмақ дәрежесінде күміс алқа иеленді. Сонымен қатар, Алпамыс Болатұлы грек – рим күресінен 3 дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды және осы жылдың жаз айларында өтетін Азия, Әлем чемпионаттарына жолдама алды.
Қазіргі таңда Алпамыс пен Әмірмұхаммед Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжінің 11 сыныбында оқиды. Спортшылардың жаттықтырушысы – жоғары санатты жаттықтырушы Төлебаев Бахтияр. Қожекенов Талғат.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Толқын" ақпарат 
28 наурыз 2024 ж. 1 403 0