Жеңіс тұғырында – Аралдықтар

Жерлесіміз Сырым Совет 67 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Айбат Ибраимов +67 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс жеңімпаздары атанды.
Айта кетейік, Сырым Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің 10-сынып, ал Айбат Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат - колледжінің 10-сынып оқушысы.
Ауданымыздың мерейін үстем еткен қос бірдей спортшымыздың жаттықтырушысы – Фараби Сауытбаев.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі