Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ағымдағы жылдың 22-23 ақпан күндері аралығында Ақтау қаласында өткен грэпплингтен және грэпплинг гиден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлес қос спортшымыз олжалы оралды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Арал ауданының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Әбжамиев Ернұр 32 кг салмақ дәрежесі бойынша грэпплингтен І орын, грэпплинг гиден ІІ орын иеленді. Ал, Марат Мұхаммедали 60 кг салмақ дәрежесі бойынша грэпплинг гиден чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Айта кету керек, қазіргі таңда Ернұр Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясының 7-сынып, ал, Мұхаммедали №83 орта мектебінің 6 -сынып оқушылары. Жеңімпаздарымыздың жаттықтырушысы - Фараби Сауытбаев.
26 ақпан 2020 ж. 747 0