Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грек - рим күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғады

Грек - рим күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғады

2024 жылдың 16 шілде күні Таиланд елінің Сирача қаласында өтіп жатқан грек - рим күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесі бойынша ел намысын қорғаған мектебіміздің спортшысы Махамбет Мирас қола жүлдегер атанды. Мирас Арал ауданы, Аралқұм елді - мекеніндегі №61 орта мектебінде оқыған. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжінің 9 сыныбында оқиды.Жаттықтырушылары - Таңатаров Ардақ, Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр (№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебі), Кулсагуров Оралхан, Кегенбаев Даурен (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі).
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
17 шілде 2024 ж. 312 0