Аралдық балуандар Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Аталған чемпионатта еркін күрестен 44 кг салмақ дәрежесінде Жамсапұлы Рамазан күміс жүлде иеленсе, әйелдер күресінен 39 кг салмақ дәрежесінде Жамсапқызы Раяна жарыстың жеңімпазы атанды.
Ағайынды екі спортшы да №19 Арал ауданының мамандандырылған резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінде тәрбиеленген. Қазіргі таңда Рамазан Жамсапұлы Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сыныбында, ал Жамсапқызы Раяна 7 сыныбында оқиды.


