Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Француз актері Ален Делон өмірден өтті

Француз актері Ален Делон өмірден өтті

Атақты француз актері Ален Делон 88 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Le Monde басылымының мәліметінше, танымал киножұлдыз Францияның Души-Монкорбон ауданындағы өз үйінде қайтыс болған.

Ален Делон – әйгілі француз театр және кино актері, кинорежиссер, сценарист әрі продюсер. Өткен ғасырдың 60-80 жылдары аса танымал болған киножұлдыз.

Оның атағы «На ярком солнце» (1960), «Рокко и его братья» (1960), «Леопард» (1963), «Черный тюльпан» (1964) фильмдерінен кейін шыға бастаған. Көптеген марапатқа ие болған.
Сурет: egemen.kz
18 тамыз 2024 ж. 139 0