Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай: Қазақстандықтардың банктегі бұғатталған шоттары ашылады

Төтенше жағдай: Қазақстандықтардың банктегі бұғатталған шоттары ашылады

Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банктік шоттарына қойылған шектеулер, яғни, бұғаттаулар алынады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталды.
«Осыған орай, аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттері тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтаруда. Сондай-ақ, комитет тарапынан Әділет министрлігіне және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасына бұрын шығарылған сот бұйрықтары мен шешімдерін, сондай-ақ жіберілген салық бұйрықтары бойынша азаматтардың кез келген шоттарына салынған тыйым салудың әрекеттерін уақытша тоқтата тұруды және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы орындаудағы салық бұйрықтары бойынша тыйым салуды тоқтата тұруды сұрап, хат жолдады», – делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін 42500 теңге жәрдемақы алуға өтініш беру үшін Қызылорда облысының тұрғындарына арналып жеке Telegram-бот іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.
https://kyzylorda-news.kz/

07 сәуір 2020 ж. 749 0