Биыл Астана күні қалай тойланады?

«Әлбетте бұған дейін астанамыздың мерекесі аясында көптеген концертті жоспарлаған едік. Ендігі кезекте елдегі карантинге байланысты жағдай қалай болады – соған қарай жоспар жасаймыз. Әйтсе де қала тұрғындары мен меймандарын офлайн жобалармен қуантамыз деген ойдамын. Әлбетте онлайн-режимдегі жобалар да көп болады. Астанамыздың мерекесіне орай мәдени шараларды лайықты деңгейде даярлайтынымзды айтқым келеді», – деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, бұған дейін Ақтоты Райымқұлова 3D форматында экскурсия ұсынатын еліміздегі музейлер мен ескі қалашықтарды атаған болатын.
https://kyzylorda-news.kz/