Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әнді сүйсең, менше сүй»: Мәдениет министрі Тоқаевтың эстафетасын жалғастырды

«Әнді сүйсең, менше сүй»: Мәдениет министрі Тоқаевтың эстафетасын жалғастырды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны қабылдады

Ақтоты Райымқұлова қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп, бойды алар...» өлеңін оқып, Instagram желісінде видеосын жариялады. 
Министр эстафетаны Қазақстан жазушылары одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет, Олимпиада ойындарының жүлдегері Жақсылық Үшкемпіров пен спорт, мәдениет пен өнердің өзге де өкілдеріне тапсырды.
Еске сала кетсек, ақынның туындысының үзіндісін бірінші болып 9  жасар оқушы Ләйлім-Шырақ оқып, эстафетаны бастаған еді. Мұнан кейін эстафетаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Артынша челленджге министрлер, саясаткерлер, жұлдыздар мен қазақстандықтар қосыла бастады.
11 шілде 2019 ж. 1 190 0