Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз жасар қыздан эстафетаны қабыл алды

Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз жасар қыздан эстафетаны қабыл алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз жасар Ләйлім-Шамшырақ атты қыздан эстафетаны қабыл алып, Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің бір бөлігін оқыды.

"Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың жүз жетпіс бес жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз!"— деді мемлекет басшысы.
Президент Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және ерекше дарын иесі, әнші Димаш Құдайбергенге жолдады. 
Желіде тоғыз жасар қыздың өлең оқыған видеосы желдей есеп, көптеген қазақстандықтардың назарын аударған еді. Ләйлім-Шамшырақ есімді кішкентай ару ұстазы бастаған эстафетаны қабылдап, Абай Құнанбаевтың  "Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек" өлеңін оқыды. Ол эстафетаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа және әнші Сәкен Майғазиевке жолдаған еді.
10 шілде 2019 ж. 1 044 0