ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

«Абайдың асыл мұрасы» республикалық сайысына Арал ауданынан Бекбауыл елді мекеніндегі №65 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сәбитқызы Әйгерім қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Еліміздің барлық өңірінен келген талантты 300 оқушының арасынан оза шауып бәйге алған оқушымызды мақтан тұтамыз! Ақынның ғибратқа толы 45 қара сөзін жаттап, зор қабілетін көрсете білген Әйгерімді үлкен додаға дайындаған жетекшісі, мектептің қосымша білім беру педагогі – Л.Сақтағанованың еңбегі зор.