Азық-түлік пен тұрмыстық заттар үшін кімдердің жәрдемақы алатыны белгілі болды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азық-түлік және тұрмыстық заттар үшін ақша төлейтін болады. Қазақстандықтар төлемдерді 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін ала алады.
Қолда бар мәліметтер негізінде жергілікті атқарушы органдар тамақ және тұрмыстық жиынтық алуға құқығы бар адамдардың тізімін жасайды. Осыдан кейін алушылар шектеу шараларын қолдану кезеңіне шілдеде 4538 теңге (2 АЕК) алады.
Бұйрық күшіне енгеннен кейін кейбір әлеуметтік топқа жататын азаматтар көмек ала алады:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тіркелген мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тіркелген мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;
- жергілікті жұмыспен қамту агенттігінде тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Бұрын хабарланғандай, коронавирустық инфекцияның қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін алушылардың банктік карточкаларына аударылған азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар кем дегенде екі АЕК мөлшерінде төлеммен алмастырылды.
Еске салайық, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді бастауды тапсырған болатын.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Табысы жоқ қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін жәрдемақы төленді, біржолғы төлемдер, оның ішінде тамақ және тұрмыстық заттар берілетін болады.