Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус. Дәрігерлерге ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

Коронавирус. Дәрігерлерге ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ауруханаларда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың телефонды пайдалануына қатысты пікір білдірді.

Менің қаулыма сәйкес, "лас" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлердің ұялы телефондарды, сағаттарды, қол әшекейлерін және өзге заттарды пайдалануына тыйым салынды. Себебі, бұл заттар инфекцияның одан әрі таралуына жол беруі мүмкін. Науқастар ұялы телефондарды пайдалана алады, бірақ ауруханада аудио, фото және бейнетүсірілім жасауға болмайды, - деп жазды Есмағамбетова facebook-тегі парақшасында.
Алайда бейне,аудио және сурет түсіруге тыйым салу науқастардың туыстары және жақындарымен байланысу мүмкіндігіне әсер етпейді.
baq.kz
20 шілде 2020 ж. 439 0