Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа деректер жарияланды

Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (12) мен Шығыс Қазақстан облысында (11) анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласында үш науқастың тапсырған тексерісі оң нәтиже көрсетсе, Алматыда – тоғыз, Шымкентте – төрт адамның жұқтырғаны расталды.
Ал Алматы мен Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында бірде-бір жаңа жағдай тіркелген жоқ.
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 108 901 адамның індет жұқтырған болса, 104 203 науқас дертінен айығып шықты. 1 746 адам қайтыс болды.