Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит төлей алмай жүргендерге жеңілдік жасалатын болды

Кредит төлей алмай жүргендерге жеңілдік жасалатын болды

Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру және қайтару туралы ережелерге өзгеріс енгенін хабарлады. Кредит уақытылы төленбеген жағдайда борышкердің де құқы қорғалады.

Атап айтқанда, «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы №232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.Биыл 19 қазандағы №102 қаулыға сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа жеткізбей-ақ реттеуге болады.
Микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) микрокредит бойынша төлеу мерзімінің кешіксе, кешіккен күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті.

Қарыз алушы төлеу мерзімі кешіккен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгіне алады.

МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша түрде  қабылданған шешім туралы хабарлайды.

Егер қарыз алушыдан өтініш болмаған және/немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы.

Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, қарыз беруші мен борышкер арасындағы мәселені сотқа дейін реттеу әлеуметтік шиеленістің алдын алады. Қайтарылмаған кредит пен уақытылы төленбеген қарызды қайтару үшін борышкерлердің құқын да қорғау өте маңызды.

aikyn.kz

27 қазан 2020 ж. 756 0