Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды

CoViD-19 кейбір науқастарда әдеттегі өзге белгілермен, атап айтқанда дене температурасының төмендеуімен көрінуі мүмкін.  Бұл туралы терапевт және медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда дәрігер айтқан бұл симптомды бірқатар басқа ауруларда байқауға болады.
"Төмен температура гипотиреозда, онкологияда, орталық жүйке жүйесінің онкологиясында, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары мен бауыр ауруларында да кездеседі", - деді ол.
Дәрігер коронавирус кезінде бауыр да қатты зардап шегетінін, ал ол адам ағзасын "жылытуға" жауапты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, коронавирус жағдайында температураның төмендеуі балалар мен егде жастағы науқастарда жиі байқалады. Бұл туа біткен ерекшелік болуы да мүмкін, сонымен қатар кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдаудың немесе есірткіге тәуелділіктің салдарынан туындайды.
stan.kz
07 желтоқсан 2020 ж. 191 0