1 қаңтардан бастап педагогтарға белгіленген қосымша ақылар өседі
Бұл туралы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары біршама өсетін болады.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңге болып белгіленді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» және «Білім туралы» заңдарында көзделген нормаларға сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының негізгі жұмыс орны бойынша АЕК көлеміне қатысты белгіленген қосымша ақылары төмендегідей өседі:

baq.kz