Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 42500 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 43272 теңге базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18254 теңге.Ең төменгі айлық есептік көрсеткіш  2917 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгеінің мөлшері 34302 теңге болып белгіленді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлердің негізгі зейнетақы мөлшері 7 пайызға көбейтілетін болды, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылда аспауы тиіс) сәйкес есептеледі.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалатын зейнетақы есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері 134182 теңге (айлық есептік көрсеткіш 46 еселенгені 2917*46=134182 ).
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыладырдың мөлшері күнкөріс мөлшерінің өзгеруіне сәйкес, ал №1,№2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың бала туағанда бір жолғы, бір жасқа дейін күтіміне төленетін жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сәйкес көбейеді.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы I-топ - 65860 теңге, II - топ - 52483 теңге, III-топ 35675 теңге, бала кезінен мүгедектерге I –топ - 65860 теңге, II-топ – 54541 теңге, III-топ - 41163 теңге. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ 96389 теңге, II-топ 82325 теңге, III-топ 68948 теңге, мүгедек бала күтіміне  - 48023 теңге.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы бір балаға - 29500 теңге,  екі балаға – 51110 теңге, үш  балаға - 63459 теңге, төрт балаға – 67232 теңге, бес балаға – 69634 теңге, алты балаға - 72378 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 46476 теңге,  екі балаға – 80953 теңге, үш балаға – 121430 теңге.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға  дейін - 110846 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда 183771 теңге.
Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 16802 теңге, екінші балаға 19865 теңге, үшінші балаға - 22899 теңге,  төртінші  және одан да жоғары балаға 25962 теңге.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға - 46760 теңге, 5 баласы бар отбасыларға - 58457 теңге, алты баласы бар отбасыларға -70154 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 81852 теңге, 8 баласы бар отбасыларға - 93444 теңге, 9 баласы бар отбасыларға - 105012 теңге.
Айта кетерлігі көп балалы аналарға ( Алтын алқа, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) 18669 теңге төленеді.
Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жасалды, қаңтар айының басында қайта есептелген сома толығымен төленеді.
М. ЖАНАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы
 бойынша филиалының әлеуметтік төлемдер  бойынша Арал аудандық 
 бөлім басшысы
29 қараша 2020 ж. 1 478 0