Қазақстанда 1 сәуірден бастап АЕК мөлшері өзгертілді

Оның айтуынша, «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізілген. Сонымен, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап келесілер құрылды:
айлық есептік көрсеткіш – 2778 теңге мөлшерінде (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2 651 теңге);
ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38 636 теңге);
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32,668 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 31 183 теңге);
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16 839 теңге);
ең төменгі жалақы – 42 500 теңге.