Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі қалай өзгереді?
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері аздап өседі. Төлем сомасы 16 839 теңгені құрайды, бұл қазіргі көрсеткіштен 802 теңгеге көп.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңгеге дейін артады, қазір бұл көрсеткіш 36 108 теңгені құрайды.
Айлық есептік көрсеткіш 126 теңгеге өсіп, 2651 теңге болады.
Негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру құны да артады. Қазір бұл көрсеткіш 29 698 теңгені құрайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 31 183 теңгені құрайды.
Пікір 20