Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Курбанов төрешілердің шешімі бойынша, 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.
Фото: massaget.kz