Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық гимнасшы Австралия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнасшы Австралия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов гимнастикадан Мельбурнда өткен әлем кубогында өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Ол халықаралық жарыста 14,933 ұпай жинап, алтын медаль ұтып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы халықаралық әуежайына спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ баспасөз қызметі мәлім етті.
Олар Австралияның Мельбурн қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңіне қатысқан болатын. Халықаралық әуежайда спортшыларды олардың жақындары, бапкерлері мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

Елге оралған спортшылардың қатарында гимнастикадан әлем кубогының жеңімпазы Нариман Құрбанов та бар.
Қазақстандық спортшы гимнастикадан Мельбурнда өткен әлем кубогында жақсы өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Ол халықаралық жарыста 14,933 ұпай жинап, алтын медаль алды.
«Бұл – менің екінші халықаралық жарысым. Әрине, қобалжыдым. Алайда, бірінші орынды алғаныма өте қуаныштымын. Ол жерден алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шынымды айтсам, мұндай нәтиже көрсетемін деп ойлаған емеспін. Алайда Қазақстанда әлем кубогының алтын медалі болмағанына көп болып еді. Барлығы үшін бүл күтпеген жағдай болды. Менің жасаған әдістерім әлемдегі ең қиын әдіс болып саналады. Осындай үлкен турнирде топ жарамын деп ойламаппын. Бұл алтын медалдің маңызы мен үшін ерекше. Бұл медаль тек менікі ғана емес, ол елімізге де тиесілі», - деді Нариман Құрбанов.
Сонымен қатар, қазақстандық спортшы екі аптадан соң гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы 14-18 наурыз аралығында Баку және 24-27 наурыз айында өтетін әлем кубоктарына қатысатынын айтты.



28 ақпан 2018 ж. 1 345 0