Алматылық гимнаст қыз халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

Сабина көркем гимнастикадан «Miss Valentine 2018» халықаралық турнирінде алдына жан салмай, 2 алтын, 1 күміс медаль алды.
Сайыс Эстонияның Тарту қаласында өткен болатын. Жарыста әлемнің 27 елінен гимнаст қыздар бақ сынасты.
«Мiss Valentine» турнирі - Эстонияда өткізілетін аса ірі халықаралық жарыс. Тартудағы гимнастика апталығы мен «Miss Valentine» турнирі Эстония мемлекетінің 100 жылдығын тойлауға тұспа тұс келеді.