Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық «калькулятор бала» Индонезиядағы білім бәсекесінде гран-приді жеңіп алды

Қазақстандық «калькулятор бала» Индонезиядағы білім бәсекесінде гран-приді жеңіп алды

Ілияс Тоқтархан Индонезиядағы білім жарысында гран-при жеңіп алды.

UCMAS Халықаралық академиясы жыл сайын бүкіләлемдік ауқымда білім бәсекесін өткізеді. Қазақстанның ЮСИМАС командасы халықаралық жарысқа жас білімпаздардан құралған екі делегация жіберді.
49 баладан құралған бірінші делегация UCMAS Академиясының ментальды арифметика бойынша 10-11 желтоқсанда Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі «Genting International Convention Centre» базасында өткен 22-ші Бүкіләлемдік жарысында ел намысын қорғады.
Биыл оған 45 елден жиналған 3000-нан астам бала қатысты. 22 баладан құралған екінші команда Индонезияның Бали аралындағы «Gelanggang Olah Raga» базасында 9 желтоқсан күні өткен ментальды арифметикадан 18-ші Халықаралық жарысқа барды.
Биыл осы білім бәсекесіне Индонезиядан 1000-ға жуық бала және қазақстандық жас білімпаздар қатысты.
Жарыс қорытындылары бойынша Қазақстан делегациясы тамаша нәтиже көрсетіп, түрлі жас санаттары бойынша 14 алтын және көптеген күміс, қола медальдарды иеленді.
ЮСИМАС Академиясы тарихында екінші рет Қазақстан халықаралық жарыстың гран-приін иеленді, жеңімпаз ЮСИМАС Академиясының ректоры, «калькулятор бала» Ілияс Тоқтархан болды.
«Біз командамен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинақтадық. Қазақстан жалауын халықаралық аренада биікке көтеріп, Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны орындалғанда, кеудемізді шексіз мақтан сезімі кернеді», – дейді 22-ші және 18-ші халықаралық жарыстардың жеңімпаздары.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 329 0