Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың арасында отандық өнімге сұраныс артты

Қазақстандықтардың арасында отандық өнімге сұраныс артты

Қазақстанда импорттың үлесі азайды. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, биыл отандық өндірістің үлесі 2,5 пайызға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Соңғы үш жылда дайын, қайта өңделген өнім өндірісінің айтарлықтай өсімі байқалды. Осылайша, қарапайым заттар экономикасы салаларында өндіріс көлемі 2018 жылы 8,9 триллион теңгеден 2019 жылы 10,1 триллион теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы өсім жалғасты", - деді ұлттық экономика министрі.
Министрдің айтуынша, дайын, өңделген тауарлар көлемінің өсуіне байланысты импорттың үлесі азаюда. Тұтынудағы қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі артып келеді.
Атап айтқанда, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті.
"Соңғы 2 жылда өнімнің бірқатар түрлері бойынша өсу екі таңбалы көрсеткіштерге жетті, ал кейбір түрлері бойынша 1,5-2 есеге өсті. Биылғы жылы өндірістің өсу қарқыны сақталды. Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын іске асыру дайын және өңделген өнімнің өсуімен қатар жүреді", - деді Дәленов.
Жарияланған бағдарлама аясында "Даму" қоры 509 жобаға субсидия берді.
Жобалар саны бойынша негізгі үлес тамақ өнімдері (сүт өнімдері, ет өнімдері, макарон өнімдері), құрылыс материалдары, металл бұйымдары, пластмасса, жиһаз және киім-кешек өндірісіне тиесілі.
stan.kz
15 желтоқсан 2020 ж. 333 0