Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заманға бейімделуді көздейді

Жаңа заманға бейімделуді көздейді

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Қазақстан Президентіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімделді.
– 2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді, – деді Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.
– Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді Астана қаласының әкімі.
Baq.kz
13 ақпан 2018 ж. 1 214 0