АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

Ауданға өткен жылы тартылғын инвестиция көлемі 10,5 млрд теңге. Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары 9,0 млрд теңгеге жуық өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады.
«Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан 3,7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізілді. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, 2017 жылы қосымша 2 жоба іске қосылды. Ол «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Асфальт-бетон зауыты» жобасы. Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген 93,5 млрд теңгенің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады» - деді Мұхтар Әуесұлы.
aral.gov.kz