Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көкөністердің бағасы төмендеді

Қызылордада көкөністердің бағасы төмендеді

Өңірде жұмыртқа тапшылығын болдырмау мақсатында қосымша екі миллион дана жұмыртқа келеді. Сонымен Жаңа жыл мерекесіне дейін барлығы 5 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі. Сондай-ақ, осы аптада үш өнімнің бағасы төмендеді. Оның ішінде , сәбіз, пияз, қырыққабат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
«Аймақта жұмыртқаның тапшылығын болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Апта басында үш миллион жұмыртқа әкелу жоспарланып, бүгінде екі миллион данасы келді. Алдағы демалыс күндері де жеткізіледі. Қосымша екі миллион дана жұмыртқа тағы алынады. Яғни, мерекеге дейін барлығы бес миллион дана жұмыртқа әкелінеді. Өңірде жұмыртқаға тапшылық болмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты. Мереке қарсаңында бағаның өсуін болдырмау мақсатында үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жеті аудан өз өнімдерін ұсынатын болады. Барлығы 140 жүк көлігі келеді», – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
kyzylorda-news.kz​​​
25 желтоқсан 2020 ж. 485 0