Жаңа жыл мерекесіне байланысты қандай пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.
Алайда, 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі. Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда. Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
3) Павлодар-Пресногорьковская;
4) Қызылорда-Семей;
5) Ақтөбе-Атырау. «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тасымалдаушыларға сақтық шараларын мүлтіксіз сақтау жөнінде нұсқаулар берді»,-делінген хабарламада.
inform.kz