Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 маусымнан қандай бағыттағы жолаушылар пойыздары жүре бастайды

1 маусымнан қандай бағыттағы жолаушылар пойыздары жүре бастайды

Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды, деп хабарлайды  inform.kz.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды:
- Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;
- Алматыдан – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;
- Кызылордадан – Семей, Көкшетау, Петропавл;
- Қостанайдан – Қарағанды; Арқалык;
- Қарағандыдан – Жезқазған;
- Қызылордадан – Көкшетау, Петропавл,
- Маңғыстаудан – Ақтөбе бағыттары бойынша және қаламаңы қатынастары.
Екінші кезең – 10 маусымнан бастап 39 пойызды жолға шығару жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтаннан - Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент;
- Алматыдан - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;
- Атыраудан - Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары бойынша және қаламаңы бағыттары.
Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу көзделген. Оның ішінде:
- Алматыдан - Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосібір, Қазан;
- Нұр-Сұлтаннан – Челябі;
- Қарағандыдан - Мәскеу, Омбы, Томск;
- Атыраудан - Астрахан бағыттары бойынша.
«Қазіргі кезде (осы жылы 15 мамырдан бастап) жолаушылар билеттері сатылып жатыр. Барлық инфраструктуралық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын. Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады», - деді министрліктен.
26 мамыр 2020 ж. 648 0