Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда әкімі өкілеттілігі аяқталған депутаттарға алғыс айтты

Қызылорда әкімі өкілеттілігі аяқталған депутаттарға алғыс айтты

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өкілеттілігі аяқталған VI шақырылымдағы қалалық  мәслихат депутаттарын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Кездесу барысында шаһар басшысы халық қалаулысы ретінде тұрғындардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін атқарушы билікке уақытылы жеткізіп, мәселелердің күрмеуін шешіп, түйінін тарқатуға әрдайым өзіндік үн қосып, билік пен халық арасында алтын көпір болған депутаттарға алғысын Нұрлыбек Мәшбекұлы облыс орталығының қай салада да игі істер ұйытқысына айналуына жергілікті билік пен халық қалаулыларының тығыз байланыста, етене жұмыс істеуінің жемісі екендігін жеткізді.
«Әр саладағы табыстарымыз бен жетістіктерімізді сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі екенін айғақтап, әріптестік байланысты сабақтастыра беретінімізге сенім білдіремін» деген шаһар басшысы халықтың әлеуметтік мәселелерін жеткізу мен шешуге белсенді атсалысып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында еселі еңбек еткен депутаттарды Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын соңында VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың  депутаттары  Сәрсенкүл Биқожа, Шәріп Әбдірахманов, Мұхитжан Кәрімбаев сөз алып, әріптестерінің жылдар ішіндегі нәтижелі әрі табысты жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта да қаланың дамуы жолында аянбай қызмет ететіндерін жеткізді.
15 қаңтар 2021 ж. 418 0