Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың жаңа штамы келгелі ауру симптомы да өзгерді

Коронавирустың жаңа штамы келгелі ауру симптомы да өзгерді

Алматыда коронавирустың «дельта» штамы көбіне екпе салдырып үлгермеген жастарға жұғуда. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы 20-40 жас аралығындағы азаматтар. 

Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, «дельта» нұсқасы классикалық «ухань» штамынан екі есе залалды. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастарда аурудың симптомдары өзгерген. Науқастар арасында иістің болмауына шағымдану азайып, аурудың өзге ерекшелігін байқағандар көбейіпті. Коронавирус жұқтырғандар арасында асқазан-ішек дерттері асқынған.
Сондай-ақ «дельта» штамы иммунитеті мықты, дені сау жастарға да жұғып жатыр. Дерт ауыр және бүкіл денеге екі есе тез әсер етеді екен.
Соңғы екі аптадағы жас құрылымын талдау жасөспірімдер арасында КВИ таралуының үлесі 0,7%-ға, ал 40-59 жастағы азаматтар арасында – 0,8%-ға өскенін көрсетті. Негізінен, коронавирус жұқтыру 20-40 жас аралығындағы жастарда – 37%, 40-59 жастағы азаматтарда - 25%, 60 жастан асқан адамдарда – 19% және 14 жасқа дейінгі балаларда – 13% кездеседі, - деді Қалықова.Тәуекел аймағында әлі де «ашық» иммунитетті, вакциналанбаған адамдар бар, ал олардың саны Алматыда екпе алғандарға қарағанда көп. Жалпы алғанда, вакциналау науқанының барлық кезеңінде Алматы қаласының 725 575 тұрғыны бірінші компонентті салдырды. Өткен тәулікте 4 971 адам екпе алды. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар. Коронавирусқа қарсы тиімді «ұжымдық» иммундау туралы халықтың 70%-дан кем емесі вакцина алған кезде ғана айтуға болады, – дейді ол.
Сонымен қатар ол қолда бар вакциналар коронавирустың жаңа нұсқаларынан қорғануға ықпал ететінін атап өтті.Бүгінгі таңда қаладағы интенсивті терапия және реанимация бөлімінде 310 науқас бар, 42 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған, 134 адам инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында, 111 науқас High flow аппаратының көмегімен демалуда. Оған қоса 10 070 науқас үйінде АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында.

baq.kz
02 тамыз 2021 ж. 429 0